Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бос лауазымына орналасуға конкурс
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бос лауазымына орналасуға конкурс
1) Мекен- жайы: Жетісу облысы, Алакөл ауданы,Үшарал қаласы, Жалбы би көшесі №23 А телефон номері 87283331508, эл. Почта.shtalapker@mail.ru
«Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
2)Лауазымдық міндеттері:
*мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған педагогикалық процесті жүзеге асырады;
*балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
*балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
*дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді;
*білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
*білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып,оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді қолданады және күнтізбелік -тақырыптық жоспарлау, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
*бөлім бойынша және тоқсан бойынша алынған жиынтық бағалаулардың қорытындысы бойынша талдау жасайды;
*электронды журналды уақытылы толтырады;
*оқу үрдісінде заманауи-ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың қосымшасын пайдаланады.
3)Бос лауазымға конкурсқа құжаттар тапсыру 2023 жылдың 18 тамыздан басталады
4) Конкурсқа қатысушылар келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10)11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.