06
март
2023
Психологтың құқықтары мен міндеттері
Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері
Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттеріМақсаттары: оқушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, орта білім беру ұйымында қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат қалыптастыру және білім алу барысына қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері: 1) оқушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғалық және зияткерлік жағынан жетілуіне септесу, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2) оқушыларға, тәрбиеленушілерге жылдам дамып келе жатқан ақпараттық қоғамда ойдағыдай әлеуметтену барысында психологиялық көмек көрсету;
3) әр оқушыға, тәрбиеленушіге олардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде дербес әдістеме қолдануға септесу;
4) оқушыларға, тәрбиеленушілерге психологиялық диагностика жүргізу және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) оқушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық қиындықтарын және мәселелерін шешу бойынша психотүзеу жұмысын жүргізу;
6) ата-аналарға (заңды өкілдерге) және педагогтарға психологиялық мәселелерді шешуде және оңтайлы оқытутәрбиелеу жұмысының әдістерін таңдауда сабағаттық көмек көрсету;
7) білім алу барысына қатысушылардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыру.