Информатика пәнінің мұғалімі бос лауазымына орналасуға конкурс » С.Иманасов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.Иманасов атындағы орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72774) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72774) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Информатика пәнінің мұғалімі бос лауазымына орналасуға конкурс
18
август
2023

Информатика пәнінің мұғалімі бос лауазымына орналасуға конкурс

Информатика пәнінің мұғалімі  бос лауазымына   орналасуға конкурс 

1)  Мекен- жайы: Жетісу облысы, Алакөл ауданы,Үшарал қаласы, Жалбы би улица №23 А телефон номері 87283331508, эл. Почта.shtalapker@mail.ru

«Сәкен Иманасов атындағы орта мектеп» Управления образования Алматинской области     Информатика пәнінің мұғалімі бос лауазымына орналасуға конкурс  жариялайды

2)Лауазымдық міндеттері:

*мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған педагогикалық процесті жүзеге асырады;

*балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

*балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

*дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді;

*білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім  алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және  дамытуға жәрдемдеседі;

*білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып,оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді қолданады және күнтізбелік -тақырыптық жоспарлау, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

*бөлім бойынша   және тоқсан бойынша алынған жиынтық бағалаулардың қорытындысы бойынша  талдау жасайды;

*электронды журналды уақытылы толтырады;

*оқу үрдісінде заманауи-ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың қосымшасын пайдаланады.

3)Бос лауазымға конкурсқа құжаттар тапсыру 2023 жылдың 18 тамыздан  басталады      

4) Конкурсқа қатысушылар келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

   6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10)11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.